Шымкент қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингі бөлімі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1.Шымкент қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингі бөлімі «Шымкент қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің  құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2.Құрылымдық  бөлімше өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

  1. Құрылымдық бөлімшенің құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат санының лимиті шегінде Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы бекітеді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингі бөлімі туралы ереже
Дата публикации
18 февраля 2022