Шымкент қаласы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Шымкент қаласы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі (бұдан әрі – Бөлім)«Шымкент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Мемлекеттік орган) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Құрылымдық бөлімше өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн,Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Мемлекеттік органдардың қызметтік ақпаратпен жұмыс істеу ережесін бекіту туралы» №1196қбп қаулысын, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, қала әкімдігінің қаулыларын, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерін, қала әкімінің аппараты туралы ережені, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
  3. Құрылымдық бөлімшенің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Шымкент қаласы әкімінің аппарат басшысы бекiтедi.
Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі туралы ереже
Дата публикации
18 февраля 2022