Шымкент қаласы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімі туралы ереже

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Шымкент қаласы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімі «Шымкент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2.Құрылымдық бөлімше өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, қала әкімдігінің қаулыларын, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерін, қала әкімінің аппараты туралы ережені, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3.Құрылымдық бөлімшенің құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат санының лимиті шегінде Шымкент қаласы әкімінің аппарат басшысы бекітеді.

Қаржы-шаруашылық бөлімі туралы ереже
Дата публикации
18 февраля 2022