Шымкент қаласы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Шымкент қаласы әкімі аппаратының біріңғай ішкі аудит қызметі «Шымкент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлiмшесi болып табылады.
  2. Құрылымдық бөлімше өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Құрылымдық бөлімшенің құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат санының лимиті шегінде Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы бекітеді.
  4. Құрылымдық бөлімше Шымкент қаласының әкіміне есеп береді және бағынады, мемлекеттік органның ішкі бақылау жүйесінің тұрақты мониторингінің бөлігі ретінде болады. Ішкі мемлекеттік аудитті жүгізуде және ішкі аудит нәтижелері туралы есептер дайындауда тәуелсіз. Мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелерінің, Шымкент қаласы әкімдігінің атқарушы органдарының құзыретіне жататын жұмыстарға, сондай-ақ оның өкілеттіктеріне жатпайтын бағдарламалар мен жобаларды дайындау немесе орындауға тартыла алмайды. ІАҚ бағалауды ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
Шымкент қаласы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметі туралы ереже
Дата публикации
18 февраля 2022