Шымкент қаласы әкімінің аппаратының ақпараттық қауіпсіздік мониторингі бөлімі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
- Шымкент қаласы әкімі аппаратының ақпараттық қауіпсіздік мониторингі бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) «Шымкент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлiмшесi болып табылады.
- Құрылымдық бөлімше өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
- Құрылымдық бөлімшенің құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат санының лимиті шегінде Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы бекітеді.
Ақпараттық қауіпсіздік мониторингі бөлімі туралы ережеДата публикации
18 февраля 2022