Шымкент қаласының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын, көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесі
- Шымкент қаласының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың осы әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-4 бабының 4-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Шымкент қаласының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау алгоритмін белгілейді.
- Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтердің құны (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің әрбір жеке түрі үшін осы Әдістеменің қосымшасына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағасына байланысты айқындалады.
- Мерзімді баспасөз басылымдарында көрсетілетін қызметтің құны мынадай формула бойынша айқындалады:
қазДата публикации
17 февраля 2022