Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы

Экономиканы дамытудың сыртқы және ішкі шарттары

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларында белгіленген міндеттерге сәйкес, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың іске асырылуымен,  2020-2021 жылдары жергілікті атқарушы органдардың жұмысы экономикалық өсуді және халықтың өмір сүру деңгейін арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған.

2020 жылы бүкіл әлемде қалыптасқан жағдайға байланысты COVID-19 індетін таратпау жөніндегі қорғау шараларының қабылдауымен іскерлік белсенділіктің баяулауы белгіленіп,  экономиканың біраз салаларына теріс  әсерін тигізді.

Аса үлкен залал алған: сауда кәсіпорындары, әсіресе импорт пен экспортқа тәуелді кәсіпорындар, қызмет көрсету саласы, көлік, қоғамдық тамақтану, ойын-сауық салалары.   

Аталған жағдай біздің өңірімізгеде өз әсерін тигізді. Шымкент қаласында 2020 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 670,5 млрд. теңгені, 2019 жылдың кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 99,1%-ды құрады.

Өнеркәсіп саласында үлесі 86,9%-ды құрайтын өңдеу өнеркәсібінде 583,1 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, НКИ – 98,7% болды.

Шымкент қаласының 2022-2026 жылдарға әлеуметтік-экономикалық даму болжамы
Дата публикации
14 октября 2021