Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
- Шымкент қаласы мәслихатының «Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік мәні бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» 2019 жылғы
11 желтоқсандағы №58/506–6с шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 76 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімге 1- қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы шешімге 2-қосымшаға сәйкес Шымкент қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
- «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
- осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Шымкент қаласы мәслихатының интернет–ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.