2022 жылғы 1 қаңтарға арналған Шымкент қаласы бюджетінің атқарылуына шолу

Шымкент қаласының бюджетіне түсетін түсімдер 2022 жылдың  1 қаңтарға жоспар бойынша 499 694,9 млн.теңге болса, нақты 504 383,3 млн. теңгені құрап, есепті кезеңге жоспармен салыстырғанда 100,9%-ға  немесе кіріс бойынша жоспар-болжам 4 688,4 млн. теңгеге артық орындалды.

Кірістер бойынша жоспар-болжамның аса асыра орындалуы келесі түсімдер түрлері бойынша белгіленді:

-Ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы– 1,1 есеге;

-Бірыңғай жер салығы – 1,1 есеге;

-Мемлекет меншігінен түсетін басқа да кірістер – 1,2 есеге;

-Ішкі істер департаменттері, олардың аумақтық бөлімшелері салатын әкiмшiлiк айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, өндiрiп алулар – 1,3 есеге.

Соңғы үш жылдық кезеңімен салыстырғанда қала бюджетіне түсетін өзіндік кірістердің қалыптасу серпіні:

1.01.2020 жылға – жоспар бойынша 96 571,5 млн.теңге жоспарланып, нақты 97 855,0 млн.теңгені құрап, 1 283,5 млн.теңгеге артық түсіп, 101,3%-ға орындалған.

1.01.2021 жылға – жоспар бойынша 135 812,9 млн.теңге жоспарланып, нақты 145 329,6 млн.теңгені құрап, 9 516,7 млн.теңгеге артық түсіп, 107,0%-ға орындалған.

1.01.2022 жылға – жоспар бойынша 169 982,7  млн.теңге жоспарланып, нақты 174 491,5 млн. теңгені құрап, 4 508,8 млн.теңгеге артық түсіп, 102,7%-ға орындалды.

Талдау көрсеткендей, Шымкент қаласына Республикалық маңызы бар қала мәртебесін беруіне байланысты соңғы үш жылда өзіндік кірістердің жоспар - болжам 1,7 есеге артты, тиісінше түсімдердің нақты көлемі 1,8 есеге артты.

2022 жылғы 1 қаңтарға арналған Шымкент қаласы бюджетінің атқарылуына шолу
Дата публикации
31 января 2022