Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына және Шымкент қаласының Бас жоспары негізінде, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Шымкент қаласы, әкімшілік іскерлік орталығымен жаңа тұрғын алқабына инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымдардың (жолдары) (№14 көше) құрылысы үшін осы қаулының 1-қосымшасында көрсетілген жер учаскелері мемлекет мұқтажына алынсын.
- Шымкент қаласы, Абай ауданы, Қызылжар тұрғын алабында инженерлік желілердің (электр, ауыз су, газ, кәріз) құрылысы үшін осы қаулының 2-қосымшасында көрсетілген жер учаскесі мемлекет мұқтажына алынсын.
- Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Азат шағын ауданында газ тарату бекетінің (грпш) құрылысы үшін осы қаулының 3-қосымшасында көрсетілген жер учаскелері мемлекет мұқтажына алынсын.
- Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Азат шағын ауданында инженерлік желілер (таратылатын газ құбыры) құрылысы үшін осы қаулының 4-қосымшасында көрсетілген жер учаскесі мемлекет мұқтажына алынсын.
- Шымкент қаласы, Бадам өзенін абаттандыру мұнай өңдеу зауытынан Забадам шағын ауданына дейін. Түзету жөндеу жұмыстары үшін осы қаулының 5-қосымшасында көрсетілген жер учаскелері мемлекет мұқтажына алынсын.
- Шымкент қаласы, Д.Қонаев даңғылы жалғасының (Түркістан көшесінен бастап жол айрықтарымен темір жолға дейін) құрылысы үшін осы қаулының 6-қосымшасында көрсетілген жер учаскелері мемлекет мұқтажына алынсын.