Дін саласындағы заңнамаға қатысты

Өткен жылдың 29 желтоқсандындағы  Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат және діни қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар мен өзгерістер енгізу мемлекеттің дін саласындағы саясатының пәрменділігін арттыруға  бағытталған. Мемлекеттің дін саласын реттеу, қадағалау механизмдерінің  заңнамалық және құқықтық тетік­терін жетілдіру уақыт талабынан туындап отыр.

Бұл бастамалар Мемлекет Басшысымен келісілгені белгілі, сондай-ақ, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Бас прокуратура және Әділет, Ішкі істер, Білім және ғылым министрліктері секілді мүдделі мемлекеттік органдар тарапынан қолдау тапты.

Бастамалардағы мәселелер әр түрлі іс-шараларда діни бірлестіктер мен азаматтық қоғам өкілдері және сарапшылармен талқыланып, басым көпшілігінен қолдау тапты. Олардың қатарында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Қазақстанның православ шіркеуі, Католик шіркеуі сияқты және басқа да діни бірлестіктер басшылығы және танымал сарапшылар болды.

Ерекше атап өтетін жәйт, Президентіміздің «Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы одан әрі шаралары туралы» Жарлығының ережелерін іске асыру жоспарында діни бірлестіктерді тіркеу тәртібі мен құруды жеңілдету және конфессияаралық өзара іс-қимылға қолайлы жағдайлар жасау бойынша түзетулер енгізу көзделген еді. Осыған орай «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына да бірқатар өзгерістер енгізілді.

Түзетулердің негізгі мақсаттары мына бағытта жүзеге асырылғанына назар аударғанымыз жөн.

қаз
Дата публикации
26 января 2022