Бюджеттiк бағдарламаның басшысы: Әкім аппаратының басшысы – Мауленкулов Г.П.
Бюджеттiк бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңы; Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 24 қарашадағы «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» № 511 бұйрығы; Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2014 жылғы 4 желтоқсанындағы «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» №540 бұйрығы; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы «Кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін жарақтандыру және кинологиялық қызметтерді қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы» №259 бұйрығы. «2022-2024 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы №12/92-VII шешімі және «2022-2024 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» Шымкент қаласы мәслихатының шешімін іске асыру туралы Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 21 желтоқсандағы №1639 қаулысына сәйкес.
Бюджеттiк бағдарламаның түрі мемлекеттік басқару деңгейіне қарай: республикалық маңызы бар қаланың
мазмұнына байланысты : мемлекеттiк функцияларды, өкiлеттiктердi жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттiк қызметтердi көрсету
іске асыру түріне қарай: жеке бюджеттік бағдарлама
ағымдағы/даму- ағымдағы
Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: Төтенше жағдайларды бақылау арқылы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау сапасын жақсарту.
Бюджеттiк бағдарламаның түпкілікті нәтижелері: Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша іс-шаралармен қамтылғандардың үлес салмағы – қала тұрғындарының жалпы санының ТЖ қаупі кезенде халықты хабардар ету деңгейі («Қауіпсіз ел» ҰЖ) 2021 жыл - 91,45%, 2022 жыл – 91,45%, 2023 жыл - 91,45%, 2024 жыл – 96,8%.
Бюджеттік кіші бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі): Шығындар Шымкент қаласы азаматтарының өмірін сақтау үшін авариялық-құтқару, іздестіру, суға сүңгу және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жұғыл әрі сапалы жүргізуге бағытталған.