001 «Республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің қызметін қамтамасыз ету»

Бюджеттiк бағдарламаның басшысы: Әкім аппаратының басшысы – Мауленкулов Г.П.

Бюджеттiк бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңы; Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» № 416-V Заңы; Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы Заңы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы  31 желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» №1193 қаулысы;   «Мемлекеттік бюджет есебінен қамтылған барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту туралы» Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2017 жылғы 16 қазандағы №646қбп қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №451 қбпү "Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілерге еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысы; Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 24 қарашадағы «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» № 511 бұйрығы;  Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2014 жылғы  4 желтоқсанындағы «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» №540 бұйрығы; Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің  2014 жылғы 30 желтоқсандағы «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» № 195 бұйрығы; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы  23 желтоқсандағы «Мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлер санының бірыңғай салааралық нормативтерін бекіту туралы»  №1002 бұйрығы; «2022-2024 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы    №12/92-VII шешімі және «2022-2024 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» Шымкент қаласы мәслихатының шешімін іске асыру туралы Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы  21 желтоқсандағы  №1639 қаулысына сәйкес.    

Бюджеттiк бағдарламаның түрі мемлекеттік басқару деңгейіне қарай: республикалық маңызы бар қаланың

мазмұнына байланысты : мемлекеттiк функцияларды, өкiлеттiктердi жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттiк қызметтердi көрсету

іске асыру түріне қарай: жеке бюджеттік бағдарлама

ағымдағы/даму- ағымдағы

Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: Шымкент қаласы әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз ету.

қаз
Дата публикации
25 января 2022