019 «Қатысушыларды сайлау процесіне оқыту»

Бюджеттiк бағдарламаның басшысы: Әкім аппаратының басшысы  – Мауленкулов Г.П.

Бюджеттiк бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы; «Қазақстан Республикасының сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы; Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 «Бюджеттік өтінімді қалыптастыру және беру ережесін бекіту туралы» бұйрығы; «Бюджеттің және оның кассалық қызмет көрсету ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы  № 540 бұйрығы. «2022-2024 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы  №12/92-VII шешімі және «2022-2024 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы»   Шымкент қаласы мәслихатының шешімін іске асыру туралы Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 21 желтоқсандағы №1639 қаулысына сәйкес.   

Бюджеттiк бағдарламаның түрі:

мемлекеттік басқару деңгейіне қарай: республикалық маңызы бар қаланың

мазмұнына байланысты : мемлекеттiк функцияларды, өкiлеттiктердi жүзеге асыру және олардан туындайтын мемлекеттiк қызметтердi көрсету

іске асыру түріне қарай: жеке бюджеттік бағдарлама

ағымдағы/даму- ағымдағы

Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты: Қатысушыларды сайлау процесіне оқыту                                   

Бюджеттiк бағдарламаның түпкілікті нәтижелері: Сайлау комиссияларының мүшелеріне қатысушыларды және сайлау процесіне басқа да қатысушыларды сайлауды ұйымдастыру және өткізу бойынша 100% оқыту.

Бюджеттік кіші бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі): Сайлау комиссияларының мүшелерін және сайлау процесіне басқа да қатысушыларды сайлауды ұйымдастыру және өткізу жөнінде даярлау қажеттілігін ескере отырып, сайлау комиссияларының мүшелері мен сайлау процесіне басқа да қатысушылар болып табылады.

 

қаз
Дата публикации
25 января 2022