Мәслихаттың «2022-2024 жылдарға арналған қала бюджеті туралы» шешімінің жобасы Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 75-бабына сәйкес, «Қаланың 2022-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы», «Шымкент қаласын дамытудың және оған құрылыс салудың 2023 жылға дейінгі Кешенді жоспары» және «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»Заң жобасы негізінде қалыптастырылды.
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
2022-2026 жылдарға арналған
Жалпы өңірлік өнімнің нақты көлем индексі 2021 жылғы 103,5% - дан 2026 жылы 105,0% - ға дейін ұлғаюы күтілуде.
Болжамдық деректер бойынша жалпы өңірлік өнім көлемі 2026 жылы 4 131,6 млрд.теңгені құрайды және 2021 жылдың көрсеткішінен 1,5 есе асады.
Жалпы өңірлік өнімнің өсімі экономиканың нақты секторындағы өндіріс көлемінің ұлғаюымен қамтамасыз етілетін болады.
Жалпы өңірлік өнімдегі өнеркәсіп көлемі 2021 жылғы 589 млрд.теңгеден 2026 жылы 805 млрд. теңгеге дейін ұлғаяды.
ЖӨӨ құрылымындағы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2021 жылғы 26 млрд.теңгеден 2026 жылы 35 млрд. теңгеге дейін ұлғаяды.