|
№ |
Аты-жөні, мекен-жайы |
Сауалдың мазмұны |
Сауалды іске асыру жөніндегі іс-шаралардың орындалу барысы |
|
1. |
АЛТЕЕВА Тоғжан Сәкенқызы
Темірлан тас жолы |
№50 мектеп үш аусымдық. Өзіңіз білесіз, сол үшін балдар кеш келеді. Осы мәселені қашан шешіп бересіз? |
А.Байтұрсынов атындағы №50 жалпы орта мектепке жақын аумақта Темірлан тас жолы бойынан 500 орындық жекеменшік мектептің құрылысы салынуда. Қаржы тапшылығына байланысты құрылысы бітпеді. Сонымен қатар, бүгінде аталған мектепке жақын орналасқан бұрынғы Шымкент педагогикалық университеті ғимаратын жекеменшік мектеп ретінде ашу бойынша құжаттары рәсімделуде. Сондай-ақ, 2021-2025 жылдары қалада 101 мектептің құрылысын салу жоспарланған, №50 жалпы орта мектептің ауласынан 300 орындық мектептің құрылысы 2023 жылы салынады. |
|
2. |
ЕРКЕБАЕВА Гүлбану Исаевна
Толстой көшесі |
Соңғы жылдары қала көшелерінде ілінген, сондай-ақ, мейрамханалар мен дүкендер және басқа нысандарға орналастырылған көрнекі ақпарат пен жарнама мәтіндерінің орфографиялық, стилистикалық жазулары сын көтермейді. Осындай келеңсіздікті болдырмау бағытында қалада қандай жұмыс атқармақсыздар? |
Қала әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқанмен бекітілген кестеге сәйкес, қала аумағындағы маңдайша және сыртқы көрнекі жарнама мәтіндерінің «Қазақстан Республикасының Тіл туралы» заңының талаптарына сәйкестігін қарау, ретке келтіру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Есептік кезеңде қала көшелеріне ілінген көрнекі жарнаманың «Қазақстан Республикасының Тіл туралы» Заңының 21-бабына сәйкес келмейтін 198 жарнама реттеліп, кемшіліктерді жойылды. Аталған бағыттағы жұмыстар тұрақты жүргізілуде.
|
|
3. |
ҚОЖАҚҰЛОВ Абзал
«Құрсай» шағын ауданы, Жаңақұрылыс көшесі |
Мен «Құрсай» шағын ауданы Жаңақұрылыс аумағында тұрамын. Бізде көшеміздің атауы жоқ, жедел жәрдем немесе такси шақырғанда, таба алмай жүреді. Сол үшін орталық көшеге шығуға мәжбүр боламыз. Осы мәселені шешіп берсеңіз. |
Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №72/672-6с бірлескен шешімімен көшелерге атау берілді. Абай ауданының әкімдігі тарапынан «Құрсай» шағын ауданы, Жаңақұрылыс аумағындағы көшелерге тақтайша орнату үшін бюджеттен 70,1 млн. теңге қаржы қаралған. Мердігер мекеме «Аттик–строй» ЖШС-і Құрсай шағын ауданындағы 47 көшеге және көше бойында орналасқан ғимараттар мен үйлерге көше атауы, үйдің нөмірі жазылған жаңа үлгідегі QR коды бар тақтайшалар орнатылды. Атқарылған жұмыстар туралы Сізге электронды пошта арқылы жауап берілді. |