Бюджеттiк бағдарламаның басшысы: Әкім аппаратының басшысы – Мауленкулов Г.П.
Бюджеттiк бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңы; Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» № 416-V Заңы; Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы Заңы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» №1193 қаулысы; «Мемлекеттік бюджет есебінен қамтылған барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы №646қбп қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 маусымдағы №451 қбпү "Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілерге еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысы; Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 24 қарашадағы «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» № 511 бұйрығы; Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2014 жылғы 4 желтоқсанындағы «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» №540 бұйрығы; Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» № 195 бұйрығы; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы «Мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлер санының бірыңғай салааралық нормативтерін бекіту туралы» №1002 бұйрығы; «2022-2024 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2021 жылғы 13 желтоқсандағы №12/92-VII шешімі және «2022-2024 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» Шымкент қаласы мәслихатының шешімін іске асыру туралы Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 21 желтоқсандағы №1639 қаулысына сәйкес.