Шымкент қаласының бюджетіне түсетін түсімдер 2021 жылдың 1 желтоқсанға жоспар бойынша 421 484,2 млн.теңге болса, нақты 448 838,4 млн. теңгені құрап, есепті кезеңге жоспармен салыстырғанда 106,5%-ға немесе кіріс бойынша жоспар-болжам 27 354,1 млн. теңгеге артық орындалды.
Кірістер бойынша жоспар-болжамның аса асыра орындалуы келесі түсімдер түрлері бойынша белгіленді:
-Ойын бизнесіне салық – 2,6 есеге;
-Мемлкет меншігіндегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер – 7,1 есеге;
-Мемлекет меншігінен түсетін басқа да кірістер – 2,5 есеге;
-Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдер – 2,6 есеге;
-Басқа да салықтық емес түсімдер – 2,1 есеге;