«2021 жылға өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялауды бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №199 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «2021 жылға өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялауды бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №199 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №162 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулының 1-тармағының 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

«2) 2021 жылға тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) арзандатуға субсидиялар көлемі;»;

көрсетілген қаулының 1-тармағы 3), 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:

«3) 2021 жылға тұқым шаруашылығын дамытуға арналған субсидиялар көлемі осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес;

4) 2021 жылға субсидияланатын пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі және пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) 1 литріне (килограмына, грамына, данасына) арналған субсидиялар нормалары осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес;

5) 2021 жылға саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары                       зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантиндік объектілерге      қарсы өңдеулер жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) құнын арзандатуға арналған субсидиялар көлемі осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес бекітілсін.»;

Дата публикации
27 декабря 2021