«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 1-1 тармағының 3) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 14 желтоқсандағы № 03-10/1078 ұсынысы негізінде, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Шымкент қаласы Еңбекші ауданының Бөзінген көшесіндегі иттің құтыру ауруын жою бойынша, кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
- Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 20 қазандағы №1258 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24913 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А.Сәттібаевқа жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.