Бюджеттiк бағдарламаның коды және атауы: 011 «Аумақтық қорғанысты дайындау және Республикалық маңызы бар қаланың аумақтық қорғанысы»
Бюджеттік бағдарлама басшысы: Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы - Г.Мауленкулов
Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңы. «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі №188-V Заңы. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік кызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V Заңы. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысы. «Бюждеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 бұйрығы. «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №195 бұйрығы. «Мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлер санының бірыңғай салааралық нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы №1002 бұйрығы. «2021-2023 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №72/651-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2021 жылғы 30 қарашадағы №11/88-VII шешімінің «2021-2023 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» Шымкент қаласы мәслихатының шешімін іске асыру туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы №814 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 7 желтоқсандағы №1550 қаулысына сәйкес.