Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын, көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесін бекіту туралы

«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-4-бабының 4-1-тармағына және «Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің міндетін атқарушысының 2021 жылғы 19 мамырдағы №173 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №22807 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын әрбір қызмет түрі үшін базалық бағалары осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. «Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
  • осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
  • осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қала әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқанға жүктелсiн.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Шымкент қаласының әкімі                                        М. Әйтенов

    

 

 

Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын, көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесін бекіту туралы
Дата публикации
30 ноября 2021