Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
- Шымкент қаласы мәслихатының «Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік мәні бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» 2019 жылғы
11 желтоқсандағы №58/506–6с шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 76 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
- көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімге №1 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
- осы шешімнің №2 қосымшасына сәйкес Шымкент қаласы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылсын
- «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
- осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Шымкент қаласы мәслихатының интернет–ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Лауазымы Аты-жөні