Шымкент қаласының жерлерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 8 бабының 2 тармағына сәйкес, Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Шымкент қаласының жерлерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. «Шымкент қаласының жерлерді аймақтарға бөлу схемасы туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 маусымдағы №32/257-5с шешімнің күші жойылды деп танылсын.
  3. «Шымкент қаласы мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

 

                Лауазымы                         Аты-жөні

 

Шымкент қаласының жерлерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы
Дата публикации
25 октября 2021