Шымкент қаласының 2022-2026 жылдарға әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (2 кезең)

І. 2020-2021 жылдардағы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі тенденциялары

Экономиканы дамытудың сыртқы және ішкі шарттары

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларында белгіленген міндеттерге сәйкес, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың іске асырылуымен,  2020-2021 жылдары жергілікті атқарушы органдардың жұмысы экономикалық өсуді және халықтың өмір сүру деңгейін арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған.

2020 жылы бүкіл әлемде қалыптасқан жағдайға байланысты COVID-19 індетін таратпау жөніндегі қорғау шараларының қабылдауымен іскерлік белсенділіктің баяулауы белгіленіп,  экономиканың біраз салаларына теріс  әсерін тигізді.

Аса үлкен залал алған: сауда кәсіпорындары, әсіресе импорт пен экспортқа тәуелді кәсіпорындар, қызмет көрсету саласы, көлік, қоғамдық тамақтану, ойын-сауық салалары.   

Аталған жағдай біздің өңірімізгеде өз әсерін тигізді. Шымкент қаласында 2020 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 670,5 млрд. теңгені, 2019 жылдың кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 99,1%-ды құрады.

Өнеркәсіп саласында үлесі 86,9%-ды құрайтын өңдеу өнеркәсібінде                583,1 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, НКИ – 98,7% болды.

Өңдеу өнеркәсібінің 28% құрайтын мұнай өңдеу өнімдерін өндіру көлемі 8,9% -ға төмендеп,  157,1 млрд. теңгені құрады. Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру көлемінің төмендеуіне мұнай өңдеуші «Петро Қазақстан Ойл Продактс» (ПКОП) ЖШС-ның өндіріс көлемінің кемуі әсерін тигізді. Карантин режиміне байланысты мұнай өнімдерін тұтыну көлемі  40 %-ға дейін, ал авиакеросин бойынша 70 %-ға дейін төмендеген. Сондықтан, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнай өңдеуші кәсіпорындарының өндіріс жоспарларын қайта қарап, «ПКОП» ЖШС-на өңделетін мұнай көлемі төмендетілді.

Сонымен қатар, COVID-19 пандемиясы салдарынан экспорттың шектелуі және тұтыну нарығының тарылуы өңдеу өнеркәсібі тауарларына деген сұранысты азайтты. Атап айтқанда тоқыма өндірісі – 25,8%-ға, химия өнеркәсібі – 38,2%-ға, сусындар – 11,7 %-ға төмендеді.

Шымкент қаласының 2022-2026 жылдарға әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (2 кезең)
Дата публикации
14 октября 2021