«Шымкент қаласының 2021 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 18 наурыздағы №171 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Шымкент қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

  1. Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 18 наурыздағы «Шымкент қаласының 2021 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» №171 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №156 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Шымкент қаласының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
  • осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
  • осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкiмiнiң бірінші орынбасары Ш.Мұқанға жүктелсiн.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

                    Шымкент қаласының әкімі                      М.Әйтенов

 

«Шымкент қаласының 2021 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 18 наурыздағы №171 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Дата публикации
08 октября 2021