Шымкент қаласы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-бабының 1-1 тармағының 2) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының 2021 жылғы 5 қазандағы                                      №03-10/882 ұсынысы негізінде, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Айнатас тұрғын алабы, Бөзінген көшесі №24 үйден құтыру ауруының ошағы анықталуына байланысты Бөзінген көшесіне шектеу іс-шаралары белгіленсін.
  1. «Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
  • осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
  • осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ш. Мұқанға жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

                      Шымкент қаласының әкімі                    М.Әйтенов

 

Шымкент қаласы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Дата публикации
08 октября 2021