Информация об исполнении плана мероприятий по реализации предложений и замечаний населения, озвученных в ходе отчетной встречи акима города Шымкент Айтенова М.Д. перед населением за ІIІ-квартал 2021 года

Шымкент қаласының әкімі М.Д.Әйтеновтің 2021 жылғы 24 ақпандағы халық алдында

есеп беру кездесуі барысында айтылған халықтың ұсыныстары мен ескертулерін

іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы

АҚПАРАТ

 

№

Аты-жөні, мекен-жайы

Сауалдың мазмұны

Сауалды іске асыру жөніндегі

іс-шаралардың орындалу барысы

Жауаптылар

1.     

АЛТЕЕВА

Тоғжан Сәкенқызы

 

Темірлан тас жолы

№50 мектеп үш аусымдық. Өзіңіз білесіз, сол үшін балдар кеш келеді. Осы мәселені қашан шешіп бересіз?

А. Байтұрсынов атындағы №50 жалпы орта мектепке жақын аумақта Темірлан тас жолы бойында 500 орындық жекеменшік мектептің құрылысы салынуда, жыл соңына пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар, бүгінде аталған мектепке жақын орналасқан бұрынғы Шымкент педагогикалық университеті  ғимаратын мектеп ретінде ашу бойынша құжаттары рәсімделуде. Осы екі мектептер ашылған жағдайда аталған мектеп екі ауысымға өтеді.

Ш.Мұқан,

 Білім басқармасы (Ж.Тажиева)

2.     

ЕРКЕБАЕВА

Гүлбану Исаевна

 

Толстой көшесі

Соңғы жылдары қала көшелерінде ілінген, сондай-ақ, мейрамханалар мен дүкендер және басқа нысандарға орналас-тырылған көрнекі ақпарат пен жарнама мәтіндерінің орфо-графиялық, стилистикалық жазу-лары сын көтермейді.

Осындай келеңсіздікті болдырмау бағытында қалада қандай жұмыс атқармақсыздар?

Қала әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқанмен бекітілген кестеге сәйкес, қала аумағындағы маңдайша және сыртқы көрнекі жарнама мәтіндерінің «Қазақстан Республикасының Тіл туралы» заңының талаптарына сәйкестігін қарау, ретке келтіру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Есептік кезеңде қала көшелеріне ілінген көрнекі жарнаманың «Қазақстан Республикасының Тіл туралы» Заңының 21-бабына сәйкес келмейтін 198 жарнама реттеліп, кемшіліктерді жойылды. Аталған бағыттағы жұмыстар тұрақты жүргізілуде.

 

Ш.Мұқан,

Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы                        (Х.Есенова)

3.     

ҚОЖАҚҰЛОВ

Абзал

 

«Құрсай» шағын ауданы,

Жаңақұрылыс көшесі

Мен «Құрсай» шағын ауданы Жаңақұрылыс аумағында тұрамын. Бізде көшеміздің атауы жоқ, жедел жәрдем немесе такси шақырғанда, таба алмай жүреді. Сол үшін орталық көшеге шығуға мәжбүр боламыз.

Осы мәселені шешіп берсеңіз.

Құрсай шағынауданының барлық көшелеріне Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №816 қаулысы мен қалалық мәслихаттың 2020 жылғы 15 желтоқсандағы 72/672-6с бірлескен шешімімен атау берілді.

Шымкент қаласы мәслихатының 18.03.2021 жылғы №3/13-VII шешіміне сәйкес, бюджеттік нақтылау отырысында аудан аумағында көшелерге тақтайша орнату үшін 70,1 млн. теңге қаржы қаралды. Конкурс нәтижесі бойынша «Аттик–строй» ЖШС жеңімпаз деп танылды. Мердігер мекеме тарапынан Құрсай шағын ауданындағы  47 көшеге және көше бойында орналасқан ғимараттар мен үйлерге атауы, номері жазылған жаңа үлгідегі QR коды бар тақтайшалар орнату жұмыстары толығымен аяқталды.

Атқарылған жұмыстар туралы ұсыныс білдіруші А.Қожақұловтың электронды пошта арқылы ақпарат жолданды.

Осыған орай, жоғарыда аталған тапсырманы бақылаудан алу ұсынылады.

Ш.Мұқан,

Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы                        (Х.Есенова),

Абай ауданы әкімдігі (Б.Парманов)

4.     

ЖӘЙШІБЕКОВ

Зұлпықар Сәрсенбайұлы

 

«Оңтүстік» ш/а,

Өзтүрік көшесі

Біздің №4 емхананың ғимараты ескірген. Тұрғындарға ыңғайлы және барлық құрал-жабдықтары бар жаңа ғимарат қашан салынады?

Қазіргі таңда №4 қалалық емхананың жаңа ғимаратының құрылысын жүргізу «Shymkent» ӘКК» АҚ-на берілді.

Бүгінде «Shymkent» ӘКК» АҚ тарапынан жер учаскесін қайта рәсімдеу, инвестормен емхана салуға шарт жасау жұмыстары қарастырылуда.

Ш.Мұқан,

Денсаулық сақтау басқармасы (Б.Позилов)

5.     

МЕЙІРОВА

Гүлжамал

 

«Таскен»

тұрғын алабы

«Таскен» тұрғын алабы «Жаңақұрылыс» аумағында  электр трансформаторы жеке меншікте.

Ауа райының қолайсыз жағдайында электр жарығының сөніп қалуы жиі орын алады.

Осы мәселе қашан шешіледі?

«Шымкент қаласының елді мекендерін инженерлік-инфрақұрылыммен қамтамасыз етудің 2020-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасына» сәйкес «Таскен» тұрғын алабы, «Жаңақұрылыс» аумағын сапалы электр қуатымен, табиғи газбен, ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша 2021 жылы ЖСҚ дайындау жоспарланған. 2022 жылы құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілетін болады.

 

М.Айманбетов,

Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы

(Б.Болатбеков),

Қаратау ауданы әкімдігі (А.Әліқұлов)

 

6.     

ХАЛҚОДЖАЕВ

Яқия

 

«Тұран» шағын ауданы,

орам басқарушысы

Біз – «Тұран» шағын ауданының Жаңақұрылыс көшесінің тұрғындары электр жарығын жеке меншік трансформатордан аламыз. Тұрғындарының газы да жоқ. Өзіміз тартсақ қымбатқа түсуде.

Енді бұл мәселелер қашан шешімін табады?

Электр энергиясы бойынша:

«Тұран» шағын ауданын электр қуатымен қамтамасыз ету қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы тарапынан екі кезеңде жүргізілуде.

І кезең – 10 кВ магистралдық желілермен 10 дана электр таратушы бекеттерінің құрылысы 2020ж. 3-ші тоқсанынан бастап жүргізілуде. Жұмыстарды аяқтау мерзімі 2022ж. 2-ші тоқсан.

ІІ кезең – ішкі 0,4 кВ электр желілері мен трансформаторлар құрылысы бойынша ЖСҚ әзірленуде. Құрылыс жұмыстарын 2022 жылғы қарашаға дейін аяқтау жоспарланған.

Аталған жұмыстар толығымен аяқталғаннан кейін аумақта орналасқан тұрғын үйлер желілерге қосылып, сапалы электр қуатымен қамтылады. "ABM-Building 2007" жауапкершілігі

шектеулі серіктестігі

Табиғи газ бойынша:

2020 жылы «Тұран» шағын ауданы магистралдық газ құбырының құрылысы аяқталды (1-ші кезек).

Магистралдық құбырлар нысанының (2-ші кезек) жұмыс жобасы әзірленіп, сараптамаға оң қорытынды алынды. Құрылыс жұмыстарына қаржы бөлуге бюджеттік ұсыным берілді. Бүгінде ішкі орамдық тарату жүйелерінің (3-ші кезек) нысанына жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. 2021 жылғы қыркүйек айының аяғына дейін сараптама қорытындысын алу жоспарлануда. Алдағы бюджеттік нақтылауға құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге ұсыныс берілетін болады.

М.Айманбетов,

Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы (Б.Болатбеков),

Қаратау ауданы әкімдігі (А.Әліқұлов)

7.     

ЗИЯМЕТОВ

Пайзахмат Артукметович

 

жилой массив «Сайрам»,

улица Н.Юлдашева

При каждом порыве ветра трансформаторы выходят из строя. Мы просили заменить по улице Артельской. Так снегопад 22-го января текущего года показал насколько морально и физически устарело энергооборудование.

Также не решен вопрос по снабжению питьевой водой нашего участка «Исфиджаб».

Отсутствие канализации еще одна насущная проблема.

Надеемся, что вы с пониманием отнесетесь к нашим проблемам.

В течении 2022г. планируется проведение модернизации старых электрических сетей в рамках инвестиционной программы ТОО «Онтустик Жарык Транзит». Помимо этого, в течении 2021г. планируется проведение работ по оформлению соответствующих земельных участков, где находятся скважины и по передаче их в коммунальную собственность г.Шымкент, проведение работ по регистрации скважин и сетей и разработка сметных расчетов на проведение капитального ремонта скважин и водопроводных сетей.

Согласно «Концепции охвата города Шымкент канализационной системой до 2021-2030 г.г.» проведение строительных работ магистрального канализационного коллектора (протяженностью 8 км) в целях обеспечения канализационной системой населенных пунктов восточной части города («Сайрам», «Абдулабад», «Турдабад», «Базаркакпа», «Достык», «Кызылсай») в течении 2022-2024 г.г. Вместе с тем, проведение строительных работ внутренних канализационных систем населенных пунктов планируется по окончании строительства данного магистрального коллектора.

М.Айманбетов,

Управление энергетики и развития инфраструктуры (Б.Болатбеков),               Акимат Каратауского района (А.Аликулов)

8.     

РАХМАТУЛЛА

Мадина

 

Республика даңғылы

            «Қошқар-ата» өзенінің бастауы қала тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналған. Қазіргі кезде өзен бойындағы балалар бассейні тозып кеткен. Бассейн қашан жөнделеді?

  «Қошқар-ата» учаскесінде өзен бойында орналасқан балалар бассейн мен субұрқаққа (фонтан) ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мердігер мекеме «ABZAL TRADE»  ақпан айында бастаған жөндеу жұмыстарын сәуір айында аяқтады. Бүгінгі күнде балалар бассейні қала тұрғындарының игілігіне беріліп, қызмет көрсетуде.

 

М.Айманбетов,

Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы басқармасы (Ғ.Ильясов)

9.     

ТОМИНА

Нина Григорьевна

 

№16 микрорайон

 

У нашего дома №4 во время дождей вода попадает во двор и в подвал. Поэтому, мы просим заменить старые и полу-разрушенные лотки за домом.

В целях предотвращения подтопления и ликвидации замкнутых систем было предложено устройство ирригационных лотков в 10 местах (указанный адрес имеется в списке).

В настоящее время ТОО «IMPYLS» провели работу по устройству ирригационного лотка в торце Вашего дома.

На сегоднящний день старые и полу-разрушенные ирригационные лотки за домом №4 в 16 микрорайоне заменены на новые.

 

М.Айманбетов,

Акимат Енбекшинского района (Д.Есилбек)

10.  

НАМАЗБЕКОВ

Жексенбай

 

«Бозарық» саяжайы,

орам басқарушысы

Біздің Жаңақұрылыс көшесіне шағал тас төсеу әкімшіліктің жоспарында бар ма?

Өтініш, биылғы жылы көшемізге тас төсеп берсеңіздер.

«Бозарық» шағын ауданындағы Жаңақұрылыс көшесіне шағал тас төсеу жұмыстары 2021 жылдың жұмыс жоспарына енгізілді (2,1 шақырым).

Қазіргі таңда, қалалық бюджеттен қаржы бөлініп, мердігер мекемені анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Жөндеу жұмыстарын 2021 жылғы қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда. 

 

 

М.Исахов,

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (Е.Жолдасов),

Қаратау ауданы әкімдігі (А.Әліқұлов)

11.  

ХАЛҚОДЖАЕВ

Яқия

 

«Тұран» ш/а

Қоғамдык көлікті жүргізу мәселелерін шешіп берсеңіз.

Шымкент қаласының жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасына сәйкес, «Тұран» шағын ауданына қатынайтын №17 автобус маршрутының сызбасы оңтайландырылып, қазіргі таңда жаңа бағытта қызмет көрсетуде.

 

М.Исахов,

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (Е.Жолдасов)

12.  

МЕЙІРОВА

Гүлжамал

 

«Таскен»

тұрғын алабы

«Таскен» тұрғын алабы, №115 маршрутпен (газель) жүретін қоғамдық көліктің мәселесін шешу.

Шымкент қаласының жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасына сәйкес, №15 автобус маршруттың жұмысы сиымдылығы орта автобустармен ұйымдастырылып, жолаушыларға тұрақты қызмет көрсетуде.

 

М.Исахов,

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (Е.Жолдасов)

13.  

АЛХОДЖАЕВА

Гүлназ Абдуокаповна

 

«Шымкент Сити» шағын ауданы

Осы біз тұратын жаққа қосымша қоғамдық маршрут жүргізу жоспарда бар ма? «ШымСитиден» қала орталығына жетуіміз өте қиын. Осы мәселені шешіп бере аласыз ба?

«Шымкент сити» шағын ауданына №108 және №150 автобус маршруттары қатынап, қала орталығымен жалғастыруда. Шымкент қаласының жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасына сәйкес, Алматы айналма жолы арқылы қаланың орталық бөлігіне қатынайтын қосымша №9 маршруттың жұмысы ұйымдастырылды.

 

 

М.Исахов,

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (Е.Жолдасов)

14.  

АБДУЛЛАЕВА

Малика

 

От имени жителей Абайского района,

улицы Хашимжанова и улицы Бауырластар

Просим Вас посодей-ствовать и организовать нам транспорт по улице Ш.Калдаякова. Раньше у нас ходили 2 маршрутки (газели) №53, №68. На данный момент мы остались без транспорта. Очень просим рассмотреть нашу просьбу.

В данное время по улице Ш.Калдаякова (от улицы Алпысбаева в сторону проспекта Республики) организована работа автобусного маршрута №18.

Согласно комплексной схеме развития пассажирского транспорта города Шымкент, в данное время по улице Ш.Калдаякова организована работа автобусного маршрута №68.

 

 

М.Исахов,

Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог (Е.Жолдасов)

15.  

АБДЫСАЛЫ

Бақдаулет

 

«Ынтымақ-2» шағын ауданы

            Біздің тұрғын алаптың интернет мәселесіне көңіл бөлсеңіздер. Рахмет.

«Ынтымақ-2» шағын ауданын сапалы интернетпен қамтамасыз ету мақсатында мобильді байланыс операторларымен базалық станция орнату үшін тиісті келісімдер жасалынды. Сондай ақ, базалық станция орнату үшін Сәулет, қала құрылысы және  жер қатынастары  басқармасы тарапынан жер телімдері белгіленіп, инвестор тарапынан жерге орналастыру, бетон құю және антенна-матчталық құрылғыны орнату жұмыстары жүргізілді.

Бүгінгі күні, шағын ауданды сапалы интернетпен қамтамасыз ету мақсатында инвестор тарапынан антенна-матчталық құрылғыны орнату, электр энергиясын тарту және «Kcell» мобильді байланыс операторы тарапынан (4G)  базалық станциясын орнату жұмыстары жүргізіліп шағын аудан «Kcell» мобильді байланысымен қамтылды.

Алдағы күндері «Кар-Тел» кампаниясы тарапынан базалық станция орнатылып сапалы интернетпен қамтылатын болады.

Тұрғын алап ағымдағы жылдың соңына дейін сапалы интернетпен қамтамасыз етілетін болады.

Жұмыстың болжамды аяқталу мерзімі 2021 жылғы қазан айы. Мердігер «А. Мерей и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

М.Исахов,

Цифрландыру басқармасы (Ә.Әбдіраханов), Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы (Б.Болатбеков),

Абай ауданы әкімдігі (Б.Парманов)

16.  

ЛАГУНОВА

Ольга Валентиновна

 

улица Ш.Уалиханова

Нам предлагают, чтобы мы создали в нашем доме объединение собственников имущества или как говорят «ОСИ». Разъясните, какие выгоды нам от этого, в отличии от кондоминимума?

  В целях реализации пункта 143 Послания Президента от 1 сентября 2020 года «Казахстан новой реальности: время действий» аппаратом акима Енбекшинского района был утвержден план-мероприятии «Дорожная карта» и «Медиа план» по разъяснению жителям МЖД выборе формы управления объекта кондоминиума. Согласно утвержденному плану с жителями МЖД проводится разъяснительная работа о выборе формы управления.

  А также, для информатизации населения были размещены разъяснительные материалы в социальных сетях «Instagram», «Facebook» и на веб-сайте аппарата акима района.

(С 7 января 2020 года вступил в силу Закон Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам жилищно-коммунального хозяйства».

В рамках принятого Закона предусмотрены только две формы управления:

1.Объединение собственников имущества (ОСИ)– юридическое лицо, являющееся некоммерческой организацией, образованное собственниками квартир, нежилых помещений одного МЖД, осуществляющее управление объектом кондоминиума, финансирующее его содержание и обеспечивающее его сохранность, которое будет работать по принципу «один дом – одно ОСИ – один счет».

Простое товарищество (ПТ) - без образования юридического лица, которое будет работать по принципу «один дом – одно ПТ – один счет».

В МЖД, расположенных на едином фундаменте либо имеющих единые общедомовые инженерные системы, собственники квартир, нежилых помещений вправе создать одно ОСИ или ПТ при согласии более 2/3 собственников квартир, нежилых помещений каждого многоквартирного жилого дома.

КСП(К), ПКСП(К), ПК могут осуществлять свою деятельность  до 1 июля 2022 года.

После завершения срока действия КСП(К), ПКСП(К), ПК должны по акту передать совету МЖД все имеющиеся технические, финансовые и иные документы и произвести ликвидацию в порядке, определенном законодательством Республики Казахстан.

Преимущества ОСИ и ПТ в том, что собственники смогут контролировать все процессы, связанные с управлением и содержанием своего дома. В том числе финансовые потоки, которые распределяются по методике сметы расходов — 30 % на административные расходы: заработная плата председателя, содержание бухгалтера, юриста либо наём на аутсорс, покупка разовых услуг, затраты на канцелярские товары, почтовые услуги, операции по счетам в банках и расчетных центрах.

Остальные 70% должны распределяться на сервисные услуги для жизнедеятельности жилого дома: от уборки общедомовой территории до обслуживания пожарных систем, заказа услуг по дератизации, проведению текущего ремонта и подготовки к отопительному сезону с приведением в порядок инженерных систем, теплоузлов и прочие виды работ.)

М.Исахов,

Акимат Енбекшинского района (Д.Есілбек)

17.  

ТОҚҚОЖАЕВА

Сандуғаш

 

«Жоғарғы Отырар» шағын ауданы

 

            Мен жас маман болып жұмыс істеймін. Биылғы жылғы қаңтар айында өткен жұмысшы жастарға арналған пәтерлер бойынша конкурсқа қатыстым.

            Енді қорытындысы қалай болады екен?

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму Министрінің 29 тамыздағы №318 бұйрығына сәйкес, Шымкент қаласы бойынша 25-27 қаңтар аралығында SHYMKENT-BASPANA.KZ cайты  арқылы жұмыс істеп жүрген жастар бағдарламасы арқылы 3648 азаматтан өтінім қабылданып, қағида талатарына сәйкес жоғары балл жинаған 300 азамат пәтермен қамтылды.

Сізден бағдарламаға қатысу үшін өтініш түспегендігін хабарлаймын.

Е.Білісбеков,

тұрғын үй басқармасы

(А.Рысжанов)

18.  

«Нұрсәт» шағын ауданының тұрғындары

            Үйдің шатырың жөндеуге, үйді күтіп-ұстауға мемлекет тарапынан қандай көмек бар?

Көп-қабатты тұрғын үй жеке меншік болған жағдайда:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1054 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының 5.4.2 тарауына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар (әкімдік) пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің өтінімдері бойынша жөнделуі тиіс үйлердің тізбесін қалыптастыруды жүзеге асырады.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының талаптарына сәйкес, үйлер кондоминиум нысаны ретінде тіркелуі тиіс.

Сондай-ақ, үйлерге жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жиналысының шешімі қажет. Шешім пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының үштен екісінен астамы келіскен кезде қабылданады. Жиналыс шешімі хаттамамен ресімделеді.

Жиналыста шешім қабылдау барысы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №163 бұйрығымен бекітілген Кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі шешімдер қабылдау қағидаларына және жиналыс хаттамаларының үлгілік нысандарына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі №246 бұйрығымен бекітілген Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу тәртібіне сәйкес, күрделі жөндеу жұмыстарына қаралатын қаржы қайтарымды негізде бөлінеді.

Сондықтан, жоғарыда аталған талаптар орындалған жағдайда, Нұрсат ш/а көпқабатты тұрғын үйді жөнделуі тиіс үйлердің тізбесіне қосуға мүмкіндігі болатындығын хабарлаймыз.

Сонымен қатар, коммуналдық меншікте болған жағдайда:

Жергілікті бюджет есебінен жүргізуге мүмкіндік бар.

Е.Білісбеков,

Тұрғын үй басқармасы

(А.Рысжанов),

Қаратау ауданының әкімі (А.Әліқұлов)

19.  

ҚАЛМАНОВА

Гүлмира Сапарбекқызы

 

«Қарабастау» т/а,

Жаңақұрылыс көшесі

Мен аз қамтылған отбасы ретінде 2 балама «Магнум» сауда үйінен азық-түлік пакетін алдым. Биылғы жылы осы көмек түрі жалғасады ма және қашан беріледі?

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі                 №246 Заңына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы                        5 мамырдағы №320 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың бір жастан алты жасқа дейінгі балаларына кепілдік берілген әлеуметтік топтама беріледі. Гүлмира Сапарбекқызының тарапынан ағымдағы жылдың І, ІІ, ІІІ-тоқсандарында атаулы әлеуметтік көмекке құжаттар тапсырылмаған.

 Сол себептен бір жастан алты жасқа дейінгі балаларға арналған кепілдік берілген әлеуметтік топтама тағайындалмаған. Келесі тоқсанда құжаттарды тапсырған жағдайда белгіленген заң талаптарына сай бір жастан алты жасқа дейінгі балаларға арналған кепілдік берілген әлеуметтік топтама алуға толық мүмкіндігі бар.

Е.Білісбеков,

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы

(Б.Нарбекова),

Еңбекші ауданы әкімдігі

 (Д.Есілбек)

20.  

АБДИЕВА

Айгуль Музраповна

 

 «Кұрсай» шағын ауданы

Мен «Күміс алқа» иегерімін.

Алты ұл-қыз тәрбиелеп отырмын. Коммуналдық төлемдер көбейіп, оларды төлеу өте қиын.

Осындай жағдайда, қандай көмек көрсетіледі?

  Тұрғын үй көмегі тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерге төлем шығындары және тұтыну шоттары отбасының жиынтық табысының 10 пайызынан жоғары болған жағдайда аз қамтамасыз етілген отбасыларға ақшалай өтем түрінде төленеді.

  Сіз тұрғын үй көмегін тағайындау үшін  өтінішті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына немесе egov портал арқылы төменде көрсетілген құжаттармен қоса тапсыруыңыз қажет екендігін хабарлаймыз.

  1. өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);

  2. жұмыс орнынан немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама ;

  3. балаларға және асырауындағы басқа адамдарға алименттер туралы анықтама;

  4. банктік шоты;

  5. коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;

  6. телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

  7. мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстар туралы шот.

Е.Білісбеков,

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы

(Б.Нарбекова),

 Абай ауданы әкімдігі (Б.Парманов)

 

Информация об исполнении плана мероприятий по реализации предложений и замечаний населения, озвученных в ходе отчетной встречи акима города Шымкент Айтенова М.Д. перед населением за ІIІ-квартал 2021 года
Дата публикации
05 октября 2021