- «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексінің 505 бабына, 509 бабының 3 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
- Автотұрақтарға (паркингтер) орналасқан жерлерге арналған базалық салық мөлшерлемелері осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес ұлғайтылсын.
- «Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және орналасқан жерлерге арналған базалық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы» Шымкент қалалық мәслихатының 2020 жылғы 14 қыркүйектегі №69/628-6с шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лауазымы Аты-жөні