ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ПЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУ БОЙЫНША ҮШ ЖАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ

Шымкент қаласында әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның "Shymkent Bus" ЖШС-нде көшпелі отырысы өтті. Кездесуге Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Мақсұт Исахов, "Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы" аумақтық кәсіполдақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев, қалалық Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Калжанов, жергілікті полиция бастығы, полиция подполковнигі Оңласбек Алғибаев, Еңбекші ауданының прокуроры Аширбеков Дулат Жақсыбайұлы, "Медиацияны дамыту орталығы" халықаралық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласы өкілдігінің медиаторлары, маршрут бригадирлері, жүргізушілер және кондукторлер қатысты.

Күн тәртібінде "Shymkent Bus" "Басқарушы Компаниясы" ЖШС-нің еңбек ұжымындағы әлеуметтік ахуалды жақсарту, шағын бизнес субъектілерінің іс-әрекеттеріне келтірілген арыз-шағымдармен жұмыс жүргізу барысы талқыланды.

Кездесу барысында ұжымның талап-тілектері тыңдалды. Жүргізушілер алдымен, қала орталығындағы бірқатар көшелердің сапасына көңілдері толмайтынын айтты. Комиссия төрағасы Мақсұт Пернебайұлы ағымдағы жылы қаржының басым бөлігі қаланың шет жағында орналасқан жолдарға бөлінгенін және қала орталығындағы көшелердің ойықтарын жөндеу белгілі себептердің салдарынан тоқтатылды.

Дата публикации
08 апреля 2021