Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша комиссия отырысы өтті. Мәжілісті қала әкімінің орынбасары М.Исахов ашып, күн тәртібіне тоқталды.
Күн тәртібінде:
- «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы ауысуына байланысты жұмыскерлер тарапы мен жұмыс берушілер тарапын жаңартып, бекітілді.
- Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша (үш жақты) комиссия отырысының 2021 жылғы жұмыс жоспары үш жақты тараппен келісе бекітілді.
- 2021 жылдың 3 ақпанында жалақыға қатысты «Shymkent Bus» «БК» ЖШС-нің 100-ге жуық жүргізуші-кассирлерінің ереуілге шыққандығы бойынша мекеме басшысы Азат Фархадұлы Қайыпбеков пен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Қарлығаш Ерікқызы Қолдасбековалардың есебі тыңдалды.
- Басқа өңірлердегі мұнай-газ саласында орын алып жатқан толқуларды ескере отырып, ұжымдағы еңбек жағдайларына байланысты (жалақы көтеру мәселесі және т.б.) «ПетроКазахстанОйлПродактс» ЖШС-нің әкімшілік құқықтық мәселелер және персоналды басқару департаментінің директоры Г.Әшірбаеваның баяндамасы тыңдалды.
- Кіші буынды медицина қызметкерлерінің, әкімшілік құрамындағы қызметкерлердің (заңгер, кадр маманы, экономист, бухгалтер т.б.), медицина саласында жұмыс жасайтын, бірақ білімі медициналық емес (психолог, педагог, лаборант т.б.) қызметкерлердің жалақысын көтеру мәселесі жөнінде ұсыныстардың дайындалуы және жоғары тұрған органдарды құлағдар етілуі бойынша денсаулық сақтау басқармасының өкілі баяндама жасады.