«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 186 бабына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Шымкент қаласының коммуналдық меншігіндегі акционерлік қоғамдардың акцияларының мемлекеттiк пакеттерiне, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне дивидендтерінің (табыстарының) көлемітаза табысынан 50 (елу) пайызға дейінгі мөлшерде белгіленсін.
- «Шымкент қаласының коммуналдық меншігіндегі акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердіңдивидендтерінің көлемін белгілеу туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 4 шілдедегі №1407 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3826 тіркелген, 2016 жылғы 17 тамызда «Шымкент келбеті» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
- «Шымкент қаласының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2).осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;
3)осы қаулыны оны.ресми жарияланғаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4..Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Е.Садырға жүктелсін.
5..Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Шымкент қаласыныңәкімі
|
|
Е. Айтаханов
|