Шымкент қаласында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифін белгілеу туралы

«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы              4 шілдедегі Заңының 19 бабының 4 және 5 тармақтарына сәйкес, Шымкент қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:              

  1. Шымкент қаласында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифі 70 теңге көлемінде белгіленсін.
  2. «Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
  • осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
  • осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;
  • осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Б. Пармановқа жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       

   

Шымкент қаласының әкімі                                                      Е. Айтаханов

Шымкент қаласында жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифін белгілеу туралы
Дата публикации
20 декабря 2019