2026 ЖЫЛҒЫ 13 ҚАЗАНДАҒЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ №153 ШЕШІМІ

Шымкент қаласы аумақтық сайлау

комиссиясының «Шымкент қаласы

мәслихатының депутаттарын сайлау

бойынша аумақтық сайлау округтерін

құру туралы» Шымкент қаласы

аумақтық сайлау комиссиясының

2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 32

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабы                     12) тармағына негізделіп, Шымкент қаласы аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Шымкент қаласы аумақтық сайлау комиссиясының «Шымкент қаласы мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша аумақтық сайлау округтерін құру туралы» 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 32 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

Шешімнің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабының                          6) тармақшасына, 21-бабының 3-тармағына, 22-бабының 1 және 2-1-тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы                1 шілдедегі № 27/54 «Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округтерін құру тәртібі туралы» қаулысына сәйкес Шымкент қаласының аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:»;

көрсетілген шешімнің 2 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:                        «2. Қосымшаға сәйкес Шымкент қаласы мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша 16 бірмандатты аумақтық сайлау округтері құрылсын.»;»

көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Шымкент қаласы мәслихатының және Шымкент қаласы әкімі аппаратының назарына жеткізілсін.
  2. Осы қаулы жергілікті газеттерде, сондай-ақ Шымкент қаласы аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

Төраға                                                                           Қ.Құнанбаев

Хатшы                                                                          Ұ.Исабаева

каз
Дата публикации
14 октября 2026