«Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарын
сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық
сайлау округтері бойынша округтік сайлау
комиссияларын құру туралы» Шымкент
қаласы аумақтық сайлау комиссиясының
2022 жылғы 29 желтоқсандағы №33
шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Шымкент қаласы аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы келесідей редакцияда жазылсын: «1. Шымкент қалалық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша қосымшаға сәйкес бір мандатты аумақтық сайлау округтері құрылсын.»;
көрсетілген шешім осы шешімнің қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын;
2. Осы шешім Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Шымкент қаласы мәслихатының және Шымкент қаласы әкімі аппаратының назарына ұсынылсын.
3. Осы шешім жергілікті газеттерде, сондай-ақ Шымкент қаласы аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Төраға Қ. Құнанбаев
Хатшы У.Исабаева