Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы №152 шешімі

Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясының    2026 жылғы 13 қазандағы №152 шешімі

 

Шымкент қалалық мәслихат

депутаттарының кезектен тыс

сайлауын әзірлеу мен өткізу

жөніндегі негізгі іс-шаралардың

күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14 бабына сәйкес,  Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

  1. Қоса беріліп отырған 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған, Шымкент қалалық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. Осы шешім аумақтық және округтік сайлау комиссияларына сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету үшін жіберілсін.
  3. Осы шешім сайлау комиссиясының интернет ресурсында жариялансын.

 

Төраға                                                                  К. Кунанбаев

Хатшы                                                                  У. Исабаева

каз
Дата публикации
14 октября 2026