«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы» Шымкент қаласының 2026 жылдың 3-тоқсанның қорытындысы бойынша есебінің талдамалық анықтамасы

 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы» Шымкент қаласының 2026 жылдың 3-тоқсанның қорытындысы бойынша есебінің талдамалық анықтамасы

 

Шымкент қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері тарапынан барлығы: 13 818 822, жеке тұлғаларға: 13 804 506 және заңды тұлғаларға: 14 316  қызмет ұсынылды, оның ішінде:

Қағаз түрінде (кеңсе арқылы) барлығы: 83 540 (үлесі 0,6%), жеке тұлғаларға: 77 787 және заңды тұлғаларға: 5 753 қызмет ұсынылды, оның ішінде:

  • көрсетілетін қызметті берушілермен кеңсе арқылы (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны: 50 329, жеке тұлғаларға: 50 042 және заңды тұлғаларға:   287 қызмет;
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен баламалы негізде қағаз түрінде көрсетілгендер саны: 33 211, жеке тұлғаларға: 27 745 және заңды тұлғаларға: 5 466 қызмет;

Электронды түрде (ақпараттық жүйелер арқылы) барлығы: 13 735 282 (үлесі 99,4%), жеке тұлғаларға: 13 726 719 және заңды тұлғаларға: 8 563 қызмет ұсынылды, оның ішінде:

  • көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде («электрондық үкімет» веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны: 11 826 395, жеке тұлғаларға: 11 817 979 және заңды тұлғаларға: 8 416 қызмет;
  • көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы («электрондық үкімет» веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны: 1 908 887 жеке тұлғаларға: 1 908 740 және заңды тұлғаларға: 147 қызмет.

Мемлекеттік қызмет көрсетілудің негізгі бас тартылу саны –  102 307 бірлік.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағым келіп түспеген.

63 объект бойынша ішкі бақылау іс-шаралары жүргізіліп, 4 111 құқық бұзушылықтар анықталды.

Құқық бұзушылықтарға жол берген 123 жауапты қызметкерге тәртіптік жаза қолданылды.

Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша әзірленген ұсыныстардың саны – 60, орындалғаны – 60.

Ішкі байқау шеңберінде анықталған мемлекеттік қызметтер көрсетудегі бұзушылықтарының жалпы саны –  21.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мақсатында халықтың арасында 158 түсіндірме іс-шарасы жүргізілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 52 қызметкер біліктілікті арттыру курсынан өтті.

 

Шымкент қаласының әкімдігі

каз
Дата публикации
12 октября 2026