ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ТУРАЛЫ
Шымкент қаласында қолайлы қалалық ортаны қалыптастыру, экологиялық ахуалды жақсарту және қаланың сәулеттік келбетін арттыру мақсатында көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.
Қаланың символына айналған біржылдық қызғалдақ гүлдерінің
1,6 млн данасы және 1,6 млн дана көпжылдық гүлдер қала аумағындағы магистралдық көшелерге отырғызылды.
Қазіргі таңда жалпы аумағы 48 мың м² болатын арнайы клумбалар жасақталып, оларға сәндік бұталар мен гүлдер отырғызылды. Аталған жұмыстар 12 басты көшеде (Темірлан тас жолы, Қазыбек би көшесі, Қонаев және Байдібек би даңғылында, Қабанбай батыр Айбергенов, Республика даңғылы, Бейбітшілік көшесі, Әл-Фараби алаңы, БМомышұлы және Тәуке хан даңғылы, Түркістан, Ильяев және Желтоқсан көшесі)жүргізілді.
Суды үнемдеу және тиімді пайдалану мақсатында жалпы ұзындығы 73 км тамшылатып суару жүйесі және 30 км автоматты суару жүйесі орнатылды.
Сонымен қатар, тік көгалдандыру жұмыстарын жүргізу аясында қаланың 10 көшесі мен жолайрығына жалпы саны 1 782 гүлді вазон орнатылды. Атап айтқанда, Бақбаева көшесі, Темірлан тас жолы, Шаяхметов көшесі, Қонаев даңғылы мен Байдібек би даңғылының жолайрығы, Рысқұлов көшесі, Байдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшесінің жолайрығы, Байдібек би даңғылының жоғарғы және орта деңгейлері, сондай-ақ Арғынбеков көшесінің төменгі деңгейі қамтылды.
Шымкент қаласының күніне орай қайта жаңғыртудан өткен «Жапон» және «City Park» саябақтары қала тұрғындарының игілігіне пайдалануға берілді.
Бұрынғы «Кең баба» саябағы аумағындағы заңсыз пайдаланылған 2,34 га жер учаскесі сот шешімімен мемлекет мұқтаждығына қайтарылып, коммерциялық нысандар алынып тасталды. Аталған аумақта сакура аллеялары, бамбук тоғайлары, сәндік тоғандар, сарқырамалар және демалыс аймақтары бар «Жапон» саябағы қалыптастырылды.
Сондай-ақ, бұрынғы «Қиял әлемі» саябағының аумағы мемлекет мұқтаждығына қайтарылып, заңсыз құрылыстар бұзылды. Аумақта «City Park» саябағы жаңғыртылып, субұрқақ, су аллеясы, жасанды көл, амфитеатр, спорт және балалар ойын алаңдары, серуендеу жолдары мен мұз айдыны орналастырылды.
Жалпы, аталған екі жоба аясында 7,2 гектардан астам аумақта заманауи қоғамдық кеңістіктер қалыптастырылды.
Сонымен қатар, бұрынғы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының орнында демеушілер қаражаты есебінен 45 гектар аумақта «Экопарк» салынды. Мұнда жасанды су айдыны, жаяу жүргіншілер жолдары, шолу алаңдары және жарықтандыру жүйесі қарастырылып, 5 мыңнан астам ағаш пен бұта отырғызылды.
Қала аумағы арқылы ұзындығы 20,1 шақырым болатын Қошқар ата өзені ағып өтеді. Қазіргі таңда өзен жағалауын кезең-кезеңімен абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен бірге, Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы тарапынан Елтай тұрғын алабындағы төтенше жағдайдың салдарын жою және монолитті канал салу жұмыстары жүргізілуде.
«Гидропроект KZ» ЖШС әзірлеген жобаға сәйкес «Елтай» каналының 910 метр арнасын бетондау және 1 700 метр ЛР10 маркалы Г-тәрізді латок орнату көзделген. Жоба бойынша сараптаманың оң қорытындысы алынған.
Жобаның сметалық құны – 599,526 млн теңге, оның ішінде ҚҚС – 82,693 млн теңге. Қаржыландыру 2026 жылғы 20 мамырдағы №4 хаттаманың 3-тармағына сәйкес қалалық бюджет резерві есебінен жүзеге асырылады.
2026 жылғы 30 маусымда жобаға қатысты №5 салалық қорытынды берілді.
Қалдықтарды басқару саласында қатты тұрмыстық қалдықтарды термиялық өңдеу арқылы электр энергиясын өндіретін зауыт салу бойынша SHAANXI CONSTRUCTION ENGINEERING KAZAKHSTAN CO., LTD компаниясымен инвестициялық келісім жасалды. Жоба
2026–2028 жылдары жүзеге асырылады. Инвестиция көлемі 100 млн АҚШ долларын құрайды. Зауыттың өңдеу қуаты тәулігіне 1000 тоннаға дейін жетіп, қуаттылығы 24 МВт электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді. Нәтижесінде 80 тұрақты жұмыс орны ашылады.
Қазіргі таңда, Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан қала аумағындағы қоқыс полигонына жақын маңда орналасқан жалпы көлемі 12,0 га болатын жер учаскесі инвесторға беріліп, аталған жер учаскесіне мемлекеттік акт алынды.
Бүгінгі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау мақсатында инженерлік-коммуникациялық желілерге (электрмен және сумен жабдықтау жүйелеріне) қосылу схемалары айқындалып, тиісті техникалық шарттарға сәйкес қосылу жұмыстары қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу жүйесін жетілдіру мақсатында Clean Village ЖШС-мен 10 жыл мерзімге келісім жасалды. Жоба аясында жылдық қуаттылығы 300 мың тонна болатын қалдықтарды сұрыптау зауытын салу үшін 8 га жер телімі сенімгерлік басқаруға беріліп жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде, зауытты пайдалануға беру мерзімі 2027 жылдың IV тоқсанына көзделуде.
Ағымдағы жылы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-ның ғарыштық түсірілімдері негізінде Шымкент қаласы аумағында 30 рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі анықталды.
Аталған 30 орынның барлығы тазаланып, қоқыс үйінділері толық жойылды. Қайта пайда болуына жол бермеу мақсатында бетон блоктар және өзге де шектеу құрылғылары орнатылды.
Акция аясындағы жұмыстар бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде кеңінен насихатталуда.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жалпы, Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға, санитарлық тазалық деңгейін арттыруға, жасыл желектер көлемін ұлғайтуға, қоғамдық кеңістіктерді жаңғыртуға және тұрғындарға қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға бағытталған.