Бүгінде қала бойынша ауыл шаруашылығы дақылдары 21,1 мың га егіліп, жыл сайын 80 мың тоннадан астам өнім жиналуда.
Оның ішінде:
- дәнді дақылдар – 6,4 мың га (бидай – 5,3 мың га,
арпа – 1,1 мың га), орташа түсім гектарына 15-20 центнер;
- майлы дақылдар – 3,0 мың га (мақсары), орташа түсім гектарына 10,8 центнер;
- мал азықтық дақылдар – 9,8 мың га;
- көкөніс пен бақша дақылдары – 1,8 мың га.
Халықтың тұтыну қажеттілігін, импортқа деген тәуекелділікті төмендетіп өнімділікті арттыру мақсатында 2026 жылға егін шаруашылығы саласын жергілікті бюджеттен 863,3 млн теңге қаржы қаралды.
Оның ішінде:
– минералды тыңайтқыш құнын субсидиялауға – 75,0 млн тг (игерілгені – 44 млн теңге);
– жылыжайлардың коммуналдық шығындарын арзандатуға – 767,8 млн тг (игерілгені – 366 млн теңге);
– тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға – 20,5 млн тг (игерілгені – 3 млн теңге).
Сонымен қатар, 2026 жылға қала аумағындағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне жалпы 491 тн жеңілдетілген жанар-жағармай бөлінді.
- Көктемгі дала жұмыстарына – 312 тонна;
- Күзгі дала жұмыстарына – 179 тонна (литріне 281 теңге).
Қазіргі таңда салада озық технологияларды қолдану арқылы өнімділікті арттыру қолға алынған. Атап айтқанда 140 га заманауи жылыжай кешендері орналасқан (93 га өнеркәсіптік,
47 фермерлік).
53 шаруашылық тамшылатып, жаңбырлатып суару әдістерін қолданып, 340 гектарға жуық жерде ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыруда.
Мал шаруашылығы саласында да өсімділік байқалады, мәселен сүт өндіру – 5,2%-ға (45,8 мың тонна) және тауық жұмыртқасы – 1,5%-ға (134,1 млн дана) артты.
Қала аумағында 2026 жылы 1 тамыздағы жағдайға сәйкес 95,3 мың бас ІҚМ, 116 мың бас ҰМ (ұсақ мал, қой мен ешкі) 20,8 мың бас жылқы және 1,1 млн бас құс тіркелген.
Нәтижесінде ауыл шаруашылығы жалпы өнімдерінің көлемі 7 айда 34,3 млрд теңгені құрады НКИ-104,4% жетті.
Оның ішінде: мал шаруашылығы 101,8% (27,7 млрд тг.),
өсімдік шаруашылығы 116,8% (6,2 млрд тг.) құрады.
2026 жылы саяқ шегірткетектестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізуге жергілікті бюджеттен 5,02 млн теңге бөлініп, 1 382 гектар аумақта (Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау және Тұран аудандары) химиялық өңдеу жұмыстары толық жүргізілді.
Қазіргі таңда қалада индустриалдық аймақтар мен қайта өңдеу кәсіпорындарын салу және кеңейту бағытына басымдылық беріліп, осы бағытта бір қатар жобалар іске асырылуда.
Биылғы жылы қуаттылығы 4,3 мың тонналық 1 таурлы сүт фермасы («Эгамназаров» ЖК), 2 заманауи жылыжай кешені («Alsera KZ», «FABE Agro» ЖШС) мен 2 жұмыртқа бағытындағы құс фермасы («КазКомАгро» АӨК, «Аймар құс» ЖШС) өз өндірістерін кеңейту жұмыстарын жүргізуде.
Сонымен қатар, ауыл шаруашылығ өнімдерін сақтайтын жалпы сиымдылығы 125,5 мың тонналық 8 климаттық (жеміс/көкөніс сақтауға қолайлы, жалпы сыйымдылығы 72,2 мың. кв.м.) заманауи көкөніс сақтау қоймасы жұмыс жасайды. Оның ішінде ең ауқымдысы 90,0 мың тонналық көкөніс сақтау қоймасы «СҚО тәжірибесі» шеңберінде республикалық бюджеттен қаржыландырылды (1 млрд теңге).
Сонымен қатар, «СҚО тәжірибесі» шеңберінде қуаттылығы 2,5 мың тонналық көкөніс сақтау қоймасы («Нур Алем» ЖШС-700,0 млн тг), 4,3 мың тонналық тауарлы сүт фермасы («Эгамназаров» ЖК-1300,0 млн теңге), 100,0 млн дана жұмыртқа өндіретін кәсіпорын («Аймар құс» ЖШС-1500,0 млн тг) республикалық бюджеттен қаржыландырылып, бүгінгі күнге құрылыс жұмыстарын жүргізуде.
Нәтижесінде ауыл шаруашылығына 14,1 млрд теңгенің инвестициясы тартылды (негізгі капитал-8,7 млрд тг, тамақ өнімдері-2,2 млрд тг, сусындар- 3,2 млрд тг).
АӨК экспорт көлемі 112,2 млн АҚШ долларға жетті. (өсімдік- 40,0 млн АҚШ доллары, мал шаруашылығы- 0,8 млн АҚШ доллар, қайта өңдеу-71,4 млн АҚШ доллар).
ВЕТЕРИНАРИЯ БОЙЫНША
Кенеге қарсы жұмыстаржылына 2 рет (көктем, күз) жүргізіледі.
152 мыңнан астам ауыл шаруашылығы жануарлары өңделіп, 4,6 млн ш.м аумаққа залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, І кезең (26 наурыз – 25 мамыр) толық аяқталды. Жұмысқа 6 бригада (18 маман) жұмылдырылды.
Қазіргі таңда, аталған залалсыздандыру жұмыстарының
ІІ кезеңі (күзгі) ағымдағы жылдың 27 шілдесінен бастап жүргізілуде.
Мәлімет үшін: Қала аумағында адамдардың кенеден зардап шегу 883 жағдайы тіркеліп, КҚГҚ бойынша (Қаратау ауданы, Шапырашты ауылы және Абай ауданы, Игілік тұрғын алабы) 2 жағдай тіркелді.
Масаларға қарсы дезинсекция жұмыстарына 30 маман мен 20 арнайы техника тартылған.
Жұмыстар 14 саябақта, 38 өзен-каналда және 49 гүлзар мен аллеяда кезең-кезеңімен жүргізілуде.
Бүгінгі күнге саябақтарда – 8 рет, өзен-каналдар мен гүлзарларда – 4 рет өңдеу жұмыстары орындалды. Аталған залалсыздандыру жұмыстары қыркүйек айының соңына дейін жүргізіледі.
Кеміргіштерге қарсы дератизация жұмыстары жылына 2 рет жүргізіледі. І кезең (1–30 сәуір) толық аяқталды.
Жұмыстар 38 өзен-канал жағалауы мен 2 376 қоқыс контейнері аумағын қамтыйды. Аталған залалсыздандыру жұмыстарының ІІ кезеңі (күзгі) ағымдағы жылдың 31 тамызынан бастап 25 қыркүйек аралығында жүргізіледі.
Мәлімет үшін: Қала аумағында адамдардың кеміргіштен зардап шегу 12 жағдайы тіркелген.
Қаңғыбас жануарлар бойынша: ағымдағы жылы 35 мыңға жуық қаңғыбас ит ауланды.
Жануарларға жауапкершілікпен қарау
Шымкент қаласы Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, 2026 жылы жануарларға жауапкершілікпен қарау талаптарын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 407-2-бабы бойынша 134 тұлғаға 2 млн. 227 мың теңге айыппұл салынды
(2025 ж. – 165 тұлға, 4 млн. 086 мың теңге).
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру
Қала бойынша ақпараттық жүйеде 92 959 ІҚМ, 119 265 ұсақ мал, 20 737 жылқы және 1 270 шошқа тіркелген.
2026 жылға жоспарланған 40 500 төлдің 36 798-і немесе 90,84%-ы бірдейлендірілді. Сонымен қатар, түрлі себептермен 24 285 бас есептен шығарылды.
«Tort Tulik Mobile» мобильді қосымшасы
Қазіргі таңда қосымшаға 4 697 мал иесі тіркелген. Қосымшаны пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Android және iOS платформаларында орын алған техникалық ақауларды жою мәселесі бойынша уәкілетті органдарға бірнеше рет ресми хаттар жолданды.
ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ
Бағаны тұрақтандыру шаралары
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға 10,6 млрд теңге бөлінді. Осы қаражат есебінен ірі сауда желілері мен жергілікті өндірушілермен келісім-шарттар жасалып, 100-ге жуық әлеуметтік сауда орнында өнімдер бекітілген шекті бағамен сатылуда. Сонымен қатар, 18 «Бақша» әлеуметтік павильоны жұмыс істейді.
Баға индексі
2026 жылдың басынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі 101,5% болып, өңірлер арасында 9–10 орында қалыптасты (ҚР – 101,5%).
Делдалдықты шектеу
Бағаны бақылау мақсатында арнайы комиссия тұрақты жұмыс жүргізуде. 2026 жылы 33 комиссия отырысы өткізіліп, 917 кәсіпкердің электрондық шот-фактурасына талдау жасалды. Нәтижесінде, 137 кәсіпкерге әкімшілік шара қолданылып, 55 өнімсіз делдал анықталды.
Азық-түлік жәрмеңкелері
Қалада апта сайын 5 жерде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіліп, азық-түлік өнімдері нарық бағасынан 10–15%-ға төмен сатылуда. Жыл басынан 232 жәрмеңке ұйымдастырылып, оған 200-ден астам кәсіпкер қатысты.