«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы» Шымкент қаласының 2026 жылдың 2-тоқсанның қорытындысы бойынша есебінің талдамалық анықтамасы

 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы» Шымкент қаласының 2026 жылдың 2-тоқсанның қорытындысы бойынша есебінің талдамалық анықтамасы

 

Шымкент қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері тарапынан барлығы: 8 137 840, жеке тұлғаларға: 8 127 417 және заңды тұлғаларға: 10 423 қызмет ұсынылды, оның ішінде:

Қағаз түрінде (кеңсе арқылы) барлығы: 16 892 (үлесі 0,2%), жеке тұлғаларға: 12 562 және заңды тұлғаларға: 4 330 қызмет ұсынылды, оның ішінде:

  • көрсетілетін қызметті берушілермен кеңсе арқылы (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны: 4 928, жеке тұлғаларға: 4 756 және заңды тұлғаларға: 172 қызмет;
  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен баламалы негізде қағаз түрінде көрсетілгендер саны: 11 964, жеке тұлғаларға: 7 806 және заңды тұлғаларға: 4 158 қызмет;

Электронды түрде (ақпараттық жүйелер арқылы) барлығы: 8 120 948 (үлесі 99,8%), жеке тұлғаларға: 8 114 855 және заңды тұлғаларға:                                     6 093 қызмет ұсынылды, оның ішінде:

  • көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде («электрондық үкімет» веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны: 7 046 046, жеке тұлғаларға: 7 040 018 және заңды тұлғаларға: 6 028 қызмет;
  • көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы («электрондық үкімет» веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны: 1 074 902 жеке тұлғаларға: 1 074 837 және заңды тұлғаларға: 65 қызмет.

Мемлекеттік қызмет көрсетілудің негізгі бас тартылу саны – 4 301 бірлік.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына шағым келіп түспеген.

44 объект бойынша ішкі бақылау іс-шаралары жүргізіліп, 2 688 құқық бұзушылықтар анықталды.

Құқық бұзушылықтарға жол берген 100 жауапты қызметкерге тәртіптік жаза қолданылды.

Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша әзірленген ұсыныстардың саны – 43, орындалғаны – 43.

Ішкі байқау шеңберінде анықталған мемлекеттік қызметтер көрсетудегі бұзушылықтарының жалпы саны –  13.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мақсатында халықтың арасында 108 түсіндірме іс-шарасы жүргізілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 35 қызметкер біліктілікті арттыру курсынан өтті.

 

   

Дата публикации
26 августа 2026