|
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарында белгіленген мемлекеттік қызметтің оң имиджін нығайту бойынша азаматтық қоғам мен бұқаралық ақпараттық құралдары өкілдеріне «Ашық есік күні» акциясы өткізілді. Кездесудің басты мақсаты - мемлекеттік қызметке кіру, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттері туралы және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарымен таныстыру. Кездесуге «Шымкент ақпарат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары, журналистер одағының лауреаты, Қазақстан Республикасы мәдениет, спорт қайраткері Б.Тайжанов, Ауғанстан ардагерлер қоғамының мүшесі, журналист-блогер Ө.Сағұлов қатысып, пікір алмасып, өз ойларымен бөлісті. |