Шымкент қаласы әкімінің аппараты ішкі аудит қызметінің 2026 жылғы І-жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы АҚПАРАТ

Шымкент қаласы әкімінің аппараты ішкі аудит қызметінің 2026 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, есепті кезеңде                   3 мемлекеттік аудит объектіcінде (1 аудит объектісінде үстеме тексеру) аудиторлық іс-шаралар жүргізілді. 

Жалпы аудиторлық іс-шарамен қамтылған қаражат көлемі                          12 936 476,6 мың теңгені құрады.

Аудиторлық іс-шара нәтижесімен анықталған бұзушылықтар                    165 110,3 мың теңге. 

Оның ішінде, қаржылық бұзушылықтар 2 643,2 мың теңге, рәсімдік бұзушылықтар 162 467,1 мың теңге.

Қаржылық бұзушылықтардың 1 860,6 мың теңгесі бюджетке өтелуге және 782,6 мың теңгесі қалпына келтіруге жатады. Бүгінгі таңға 1 860,6 мың теңге бюджетке өтеліп, 782,6 мың теңге есепте сәйкестендірілген және қалпына келтірілген.

Жүргізілген аудиторлық іс-шаралар қорытындысымен 2 аудит объектіcі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар 12 материал ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға  жолданып, 6 лауазымды тұлғаға 1 124,5 мың теңге әкімішілік айыппұл салынды және толығымен бюджетке өндірілді. 

 

Дата публикации
25 августа 2026