Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- «Шымкент қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын айқындау туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы №14/124-VIII шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 204-17 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімге 1-қосымшада айқындалған Шымкент қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- «Шымкент қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.