«О начале принудительного отчуждения земельных участков для государственных нужд»

Шымкент қаласы әкімдігінің

кейбір қаулыларына өзгерістер

енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 3-тармағына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Шымкент қаласы әкімдігінің мынадай кейбір қаулыларына өзгерістер енгізілсін:

1) «Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 16 қыркүйектегі № 4917 қаулысының 1-қосымшасындағы 42, 43 және 60-жолдары мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

«

№ Кадастрлық нөмірі Аты жөні Мекен-жайлар Жалпы алаңы, (га) Алынатын алаңы,(га)
42 22-336-044-148 Турсунбаев Давлетияр Кудьярович Шымкент қаласы, Тұран ауданы, Қазығұрт шағын ауданы, 148 жер учаскесі 0,0800 0,0454
43 22-336-044-117 Куралова Айгул Мухтаровна Шымкент қаласы, Тұран ауданы, Қазығұрт шағын ауданы, Аршалы көшесі, 31 үй 0,0600 0,0370
60 22-336-044-198 Жиенбеков Амантай Мыңжасарұлы Шымкент қаласы, Тұран ауданы, Қазығұрт шағын ауданы, Құрылыс өткелі, 38 А үй 0,0600 0,0120
22-336-044-157 Аманова Афруза Мирзахметовна Шымкент қаласы, Тұран ауданы, Қазығұрт шағын ауданы, Құрылыс көшесі, 38 Б үй 0,0609 0,0133

         »;

2) «Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 07 наурыздағы № 200 қаулысының 2-қосымшасындағы 786 жолы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

«

№ Кадастрлық нөмірі Аты жөні Мекен-жайлар Жалпы алаңы, (га) Алынатын алаңы,(га)
786 19-309-192-2929 Мусаева Калдыкуль Ертаевна Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, 192 орам, 2929 құрылыс 0,0800 0,0800

         »;

3) «Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 307 қаулысының 11-тармағы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

«Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні осы қаулының ресми жариялану күнінен бастап төрт жыл алты ай деп белгіленсін»;

4) «Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 20 ақпандағы №309 қаулысының 11-тармағы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

 «Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні осы қаулының ресми жариялану күнінен бастап төрт жыл алты ай деп белгіленсін»;

5) «Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 28 ақпандағы №441 қаулысының 2-тармағы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

 «Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні осы қаулының ресми жариялану күнінен бастап төрт жыл алты ай деп белгіленсін»;

6) «Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 26 ақпандағы №721 қаулысының 3-тармағы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

 «Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні осы қаулының ресми жариялану күнінен бастап үш жыл алты ай деп белгіленсін»;

7) «Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 26 ақпандағы №722 қаулысының 8-тармағы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

 «Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні осы қаулының ресми жариялану күнінен бастап үш жыл алты ай деп белгіленсін»;

8) «Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 18 ақпандағы №687 қаулысының 12-тармағы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

 «Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні осы қаулының ресми жариялану күнінен бастап екі жыл алты ай деп белгіленсін»;

9) «Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 28 қарашадағы № 6184 қаулысының 3-қосымшасындағы 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 9, 10, 13, 15, 16, 17, 19, 20, 21, 22, 23, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45 және 46-жолдары алып тасталсын.

  1. Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы заңнама талаптарына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін алынған жер учаскелерінің орнына басқа жер учаскелерін беру мүмкіндігін қарастырып және осы қаулыдан туындайтын барлық қажетті шараларды қабылдасын.
  2. Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде қала әкімдігінің интернет-ресурстарын қоса алғанда тиісінше жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
  3. Осы қаулының орындалуы Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасының басшысы А. Исламовқа жүктелсін.
  4.  Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

       

       

        Шымкент қаласының әкімі                                      Ғ. Сыздықбеков

каз
Дата публикации
18 августа 2026