О начале принудительного отчуждения земельных участков для государственных нужд

Жер учаскелерін мемлекет

мұқтажы үшін мәжбүрлеп

иеліктен шығарудың

басталуы туралы

 

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңына және 2026 жылғы 5 маусымдағы № 01-04-16/672-Қ/Х қызметтік хаты, қала құрылыстық қорытындылары, жерге орналастыру жобалары және Шымкент қаласының Бас жоспары негізінде, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Шымкент қаласы, Абай ауданы, Қайнарбұлақ тұрғын алабында электр тарату бекетінің (рп) құрылысы үшін осы қаулының 1-қосымшасында көрсетілген жер учаскелері мемлекет мұқтажына алынсын.
  2. Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Тұран шағын ауданында инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің және автомобиль жолының құрылысы үшін осы қаулының 2-қосымшасында көрсетілген жер учаскесі мемлекет мұқтажына алынсын.
  3. Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы заңнама талаптарына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін алынған жер учаскелерінің орнына басқа жер учаскелерін беру мүмкіндігін қарастырып және осы қаулыдан туындайтын барлық қажетті шараларды қабылдасын.
  4. Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні осы қаулының ресми жариялану күнінен бастап үш айдан ерте болмай бір жыл алты ай деп белгіленсін.
  5. Жер учаскелердің иелері немесе мемлекеттік емес және мемлекеттік жер пайдаланушылармен келісім рәсімдерін жүзеге асыруға жүгінетін орын ретінде Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Ұ. Арғынбеков көшесі, № 313 ғимаратта орналасқан Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы белгіленсін.
  6. Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасының басшысы міндетін уақытша атқарушы А. Қамбаров жер учаскесінің немесе жер пайдалану құқығының және жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүліктердің құнын өтелуін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамтамасыз етсін.
  7. Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде қала әкімдігінің интернет-ресурстарын қоса алғанда тиісінше жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
  8. Осы қаулының орындалуы Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасының басшысы міндетін уақытша атқарушы А. Қамбаровқа жүктелсін.
  9. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

                                        

 

        Шымкент қаласының әкімі                                               Ғ. Сыздықбеков

каз
Дата публикации
18 августа 2026