2026 жылға арналған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша атқарылған жұмыстар туралы анықтама

2026 жылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша анықтама

 

        Шымкент қаласының әкімдігі 2026 жылғы 4 мамырда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу» үлгілік базалық бағытының жобалар картасын және басқармалар мен аудан әкімдері аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесін бекітіп, тиісті жұмыстарды ұйымдастыру үшін басқармалар мен аудан әкімдері аппаратына жолдады.

        Анықтама үшін: ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» №4 үлгілік базалық бағыты бойынша 2026 жылға арналған жобалар картасын а.ж. 14 сәуірде бекітіп, кейіннен 17 сәуірде Әкімдіктерге жолдаған (2026 жылғы 17 сәуірдегі №07-3-4/1321-И ілеспе хаты).

Осылайша, басқармалар мен аудан әкімдері аппараты ішкі талдау жүргізу кестесіне сәйкес тәуекелдерді анықтау жұмыстарын жүргізуде (тәуекелдерді қамту кезеңі 2025 - 2026 жылғы маусым айлары аралығын қамтиды).

 

Ішкі талдау жүргізу

 ҚАҒИДАЛАРЫ

    

        БАҒЫТТАРЫ:

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау.

1.1. Ішкі талдау жүргізу (кесте бекіту, бұйрық әзірлеу, интернет-ресурста ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы жариялау, талдау нәтижесін жария талқылау, талдамалық анықтамаға қол қою);

1.2. Анықталған тәуекелдерді жою (себептер мен жағдайларды жою жөнінде іс-шаралар жоспарын әзірлеу, талдамалық анықтама мен іс-шараларын жоспарын интернет-ресурста орналастыру);

1.3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдар тізілімін әзірдеу (ішкі талдау қорытындысы бойынша айқындалған тәуекелдерге шалдыққан лауазымдар тізбесін жасау);

1.4. Сыбайлас жемқорлық картограммасын жүргізу (мекемелердің интернет-ресурсында картограммадағы ақпаратты өзектендіру).

 

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау.

2.1. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды (әкімшілік және қылмыстық) анықтау және мониторингілеу (құқық бұзушылықтар туралы хабарлама);

2.2. Бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау фактілерінің мониторингі (жұмысқа қабылдау фактілерін анықтау);

2.3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау мониторингі (мониторинг).

 

III. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

3.1. Халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту (мәдениетті нығайту);

3.2. Комиссияның тоқсан сайынғы отырыстарын өткізу (отырыстар өткізу);

3.3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру (мем. әлеуметтік тапсырысты іске асыру);

3.4. Әдеп жөніндегі уәкілдердің қатысуымен мемлекеттік қызметшілер үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тоқсан сайынғы түсіндіру және оқыту                   іс-шараларын өткізу (іс-шаралар өткізу);

3.5. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша комплаенс-офицерлерге тоқсан сайын түсіндіру және оқыту іс-шараларын өткізу (іс-шаралар).

Дата публикации
10 июля 2026