Жер учаскелерін мемлекет
мұқтажы үшін мәжбүрлеп
иеліктен шығарудың
басталуы туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңына Шымкент қаласының Бас жоспары негізінде, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Тұран шағын ауданы, Бәйдібек би даңғылының жүріс бөлігіне түсуіне байланысты осы қаулының
1-қосымшасында көрсетілген жер учаскелері мемлекет мұқтажына алынсын.
- Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Ұ. Арғынбеков көшесінің жүріс бөлігіне түсуіне байланысты осы қаулының 2-қосымшасында көрсетілген жер учаскелері мемлекет мұқтажына алынсын.
- Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы заңнама талаптарына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін алынған жер учаскелерінің орнына басқа жер учаскелерін беру мүмкіндігін қарастырып және осы қаулыдан туындайтын барлық қажетті шараларды қабылдасын.
- Мәжбүрлеп иеліктен шығару күні осы қаулының ресми жариялану күнінен бастап үш айдан ерте болмай бір жыл алты ай деп белгіленсін.
- Жер учаскелердің иелері немесе мемлекеттік емес және мемлекеттік жер пайдаланушылармен келісім рәсімдерін жүзеге асыруға жүгінетін орын ретінде Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Ұ. Арғынбеков көшесі, № 313 ғимаратта орналасқан Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы белгіленсін.
- Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасының басшысы
А. Исламов жер учаскесінің немесе жер пайдалану құқығының және жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүліктердің құнын өтелуін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қамтамасыз етсін.
- Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасы қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде қала әкімдігінің интернет-ресурстарын қоса алғанда тиісінше жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуы Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасының басшысы А. Исламовқа жүктелсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Шымкент қаласының әкімі Ғ. Сыздықбеков