Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуы бойынша 2026 жылғы ІI жартыжылдыққа арналған мерзімді тексеру жүргізудің жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-6-бабы 2-тармағына сәйкес:
- Осы өкімге қосымшаға сәйкес Шымкент қаласында
Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуы бойынша
2026 жылғы ІI жартыжылдыққа арналған мерзімді тексеру жүргізудің жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
- Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы Жоспарды Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы өкімнің орындалуы Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Б. Орынтаевқа жүктелсін.
- Осы өкімнің орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары С. Құранбекке жүктелсін.
Ғ. Сыздықбеков