Міндеттері:
жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру күш құрылымдарымен өзара әрекет етеді және өз құзыреті шегінде азаматтарды әскери қызметке шақыру саласындағы қызметін үйлестіру жұмыстарды атқарады.
Функциялары:
- жергілікті әскери басқару органдарына олардың бейбіт уақыттағы және жұмылдыру жарияланған кездегі жұмысына жәрдем көрсету, қала аумағында әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар өткізуге қатысу;
- әскери міндеттілерді бекітіп қою жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, ұйлестіру және бакылау;
- қала аумағында мемлекеттік органдар мен ұйымдарды жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында жұмыс істеуге көшіру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыруды қамтамасыз ету;
- жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың, арнаулы мемлекеттік органдардың мүдделеріне сай міндеттерді орындау үшін, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы экономикасының іркіліссіз жұмыс істеуін және халқының
тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қала аумағында арнаулы құрылымдардың құрылуын қамтамасыз ету;
- қаланың жұмылдыру жоспарын әзірлеу және жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен келісу, қала әкімдігіне бекітуге енгізу, сондай-ақ, қала аумағында жұмылдыру дайындығы бойынша іс-шараларды жүргізу;