Шымкент қаласының Автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 2976,6 км құрайды.
Оның ішінде:
Асфальт жабыны бар-1758,1 км (59,1 %);
Қиыршықтас жабыны бар-1107,0 (37,2 %);
Топырақ-111,5 км (3,7 %).
2019 жылы автомобиль жолдары саласын дамытуға бюджеттен 8223,9 млн. теңге қарастырылған, құрылыс-жөндеу жұмыстарымен 91 нысан немесе 223,7 км жол, 5 көпір қамтылды.
Жыл қорытындысы бойынша қаланың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесін 56,5% - ға дейін жеткізу жоспарлануда (1 681,8 км.).
2020 жылы аталған саланы дамытуға бюджеттен 25 936,0 млн. теңге қарастырылған, құрылыс-жөндеу жұмыстарымен 256 объект немесе 417,1 км жол, 6 көпір, 2 жол өтпесі және 2 жол өтпесі қамтылды.
1 жаяу жүргіншілер жолы.
2020 жылдың қорытындысы бойынша қаланың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесін 60% (1 786 км) дейін жеткізу жоспарлануда.